388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында балуандарымыздың нәтижелері белгілі болды

  • 296
  • UPD: 13:43, 14.09.2019
Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында балуандарымыздың нәтижелері белгілі болды

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Бүгін 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы балуандар кілемге шығуда деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақ балуандарының арасынан алғаш болып кілемге шыққан 72 келідегі Демеу Жадыраев бірінші белдесуінде жеңіске жетті. Ол палаулық қарсыласын 9:0 есебімен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Алайда Демеу Жадыраев 2-кездесуінде германиялық қарсыласына 4:3 есебімен есе жіберді. 63 келіде бақ сынайтын Алмат Кебіспаев алғашқы кездесуде Үндістандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті. Екінші белдесуде Алмат қытайлық Ербату Туоны 2:1 есебімен ұтты.

Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 82 кг салмақта ел намысын қорғаған Максат Ережепов 2- кездесуінде белоруссиялық қарсыласын (Виктар Сасуновский) 2:1 есебімен жеңді. Үшінші кездесуінде жарақат алып, Әзербайжан спортшысына жол берді. Дәл осы әлем біріншілігінде 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Қорлан Жақанша жарысты сәтті бастады. Ол бірінші қарсыласы алжирлік Фергат Абделькаримді ұтты.

Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 82 кг салмақта ел намысын қорғаған Максат Ережепов 2-кездесуінде Белоруссиялық қарсыласын (Виктар Сасуновский) 2:1 есебімен жеңді. Үшінші кездесуінде жарақат алып, әзірбайжан спортшысына жол берді. Дәл осы әлем біріншілігінде 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Қорлан Жақанша жарысты сәтті бастады. Ол бірінші қарсыласы алжирлік Фергат Абделькаримді ұтты.

Хабар 24 телеарнасы