389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев Головкин атындағы спорт кешеніне барды

  • 148
  • UPD: 23:48, 04.10.2019

Сондай-ақ Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысындағы жұмыс сапары барысында жергілікті Достық үйі қабырғасында студенттермен, жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекет басшысының жолдауына қатысты түсіндіру жұмысын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Артынша Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығына барып, жас спортшылардың жетістіктерімен танысты. Геннадий Головкиннің алғашқы бапкерімен кездесіп, таяуда өтетін жекпе-жегіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, орталықта 4 зал жұмыс істейді: ауыр атлетика, бокс, ойын залы және бассеин. 14 бапкер қызмет етеді.

Виктор Дмитриев, Г.Головкиннің тұңғыш бапкері:

Осы залдың пайда болуы Майқұдық үшін кезекті жетістіктердің бірі. Тағы қосымша залдар пайда болып жатса артықтық етпейді. Бокспен қатар мұнда балалар волейбол, баскетбол, футбол үйірмелеріне қатысады. Таңғы 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін барлық секция жас спортшыларға толы. 9-16 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.

Гүлім Балғабаева, қала тұрғыны:

Қызым 3 жылдан бері қатысады. Біз жүзу үйірмесіне барамыз. Балам өте риза. Нормативтері өте жоғары деңгейде тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы