388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


DAZN: Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектерін келесі жылы өткізеді

  • 215
  • UPD: 21:17, 13.10.2019
DAZN: Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектерін келесі жылы өткізеді prosports.kz

DAZN стримингтік қызметінің Солтүстік Америкадағы атқарушы вице-президенті Джо Марковски Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында үшінші кездесудің жоспарланып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Келісімшарттың майда-шүйдесіне тоқталмай-ақ қояйын, дегенмен бұл жекпе-жек келесі жылы өтеді. Канелоның командасы бұл келіссөздерде А тарапы болатыны белгілі. Ол мықты жекпе-жектер өткізуді қалайды, алайда жұрт «Канело» – GGG трилогиясына куә болғысы келеді және Альварес пен Golden Boy басшылығы мұны жақсы түсінеді», - деді Марковски Boxingscene порталына берген сұхбатында.

Біз келіссөздерді 2 қарашадан кейін жүргіземіз. Олармен жүздесу проблема тудырмайды. Біз Альварестің салмақ көтеру туралы ойын құрметтейміз», деп сөзін аяқтады вице-президент.

Хабар 24 телеарнасы