380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзал. «Қайрат» Қазақстан кубогі иегері атанды

  • 345
  • UPD: 09:42, 19.12.2019
Футзал. «Қайрат» Қазақстан кубогі иегері атанды

«Қайрат» футзал клубы 15-мәрте Қазақстан кубогінің иегері атанды. Алматы командасы финалда «Жетісудың» осал тұсын тапты.

Қорытынды есеп 4:3. Елордада өткен матч тартысқа толы болды. Талдықорған командасы кездесу соңына дейін таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда тәжірибелі «Қайрат» қажетті нәтижені ойын соңына дейін сақтап қалды. Алматы командасы сапынан Дәурен Нұрғожин, Тайеби және Диего мен Оразов мергендік танытты. «Жетісулықтар» қатарында Эвертон екі рет көзге түсті. Бір гол Балтабаевтың еншісіне жазылды. «Қайрат» енді ел чемпионатында топ жаруға ұмтылады. Қазір олар екі ойыннан кейін 4 ұпаймен төртінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы