426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз дзюдодан Еуропа жастар кубогін жеңіспен бастады

  • 421
  • UPD: 16:34, 01.03.2020
Еліміз дзюдодан Еуропа жастар кубогін жеңіспен бастады

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Еуропа жастар кубогы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар бір алтын, үш күміс және екі қола медальға ие болды.

Атап айтсақ, Мерей Марханбетов (60 келі) алтын олжаласа, Олжас Еренгибов (60 келі), Нұрайлым Сәрсебек (40 келі) және Аружан Ережепова (52 келі) күміске қол жеткізді. Олжас Құмар (55 келі) мен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) үшінші орын алды.

Хабар 24 телеарнасы