419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдодан ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

  • 524
  • UPD: 15:14, 06.03.2020
Дзюдодан ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Таразда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Тараз-Аренада» өтіп жатқан дүбірлі додаға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 2000-2002 жылдары туған 500-ге жуық спортшы қатысуда. 

Жарыстың бірінші күнінде ұлдар 60, 66 келіге дейінгі салмақта, қыздар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Назарларыңызға дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз.

Қыздар:

48 келі

  1. Таңсұлу Тілеуберген (Қостанай облысы)
  2. Сара Құлым (Түркістан облысы)
  3. Жанерке Асқарова (Қызылорда облысы)
  4. Алима Жұмағалиева (Қарағанды облысы)

52 келі

  1. Ханзада Қайратова (Қарағанды облысы)
  2. Аружан Адасхан (Жамбыл облысы)
  3. Балнұр Әбдешова (ШҚО)
  4. Анель Мұхан (Қызылорда облысы)

Ұлдар:

60 келі

  1. Шерзод Давлатов (Алматы қаласы)
  2. Ерхан Габбасов (Ақмола облысы)
  3. Болат Біләл (Жамбыл облысы)
  4. Абылай Мұсаханов (Жамбыл облысы)

66 келі

  1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)
  2. Кемелбек Молдаш (Түркістан облысы)
  3. Ермек Амангелді (Атырау облысы)

3. Дінмұханбет Шаменов (Атырау облысы)

Хабар 24 телеарнасы