418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Де ла Хойя GGG – «Канело» жекпе-жегін өткізудің басты шартын атады

  • 214
  • UPD: 18:17, 01.07.2020
Де ла Хойя GGG – «Канело» жекпе-жегін өткізудің басты шартын атады tengrinews.kz

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегін көрермендердің көзінше ғана өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының промоутері, Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді.

«Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін бізге көрермен керек, жанкүйерлер керек», - дейді атақты промоутер.

Оның айтуынша, Лас-Вегаста бокс кешін өткізу мәселесі нақты шешілмейінше «Канелоға» жекпе-жек ұйымдастырылмайды. Сондай-ақ Головкин мен Альварес кездесуін жанкүйерлердің тамашалауы өте маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы