420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жазира Жаппарқұл ерекше рейтингке енді

  • 549
  • UPD: 12:25, 03.08.2020
Жазира Жаппарқұл ерекше рейтингке енді

Қазақстандық зілтемірші Жазира Жаппарқұл Okezone.com басылымының ерекше рейтингіне енді, деп хабарлады Prosports.kz.

Басылым Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған бес мұсылман әйел тізімін жасаған. Олардың қатарында Жазира Жаппарқұл да бар.

«2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Жазира 69 келіге дейінгі салмақта 259 келіні еңсеріп, күміс медаль еншілеген. Енді Жазира Токиодағы Олимпиадада алтын медаль алуға тырысады», - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысы 2021 жылға шегерілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы