426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» хоккейшілері «Сарыарқаны» жеңді

  • 151
«Барыс» хоккейшілері «Сарыарқаны» жеңді

Елордалық «Барыс» бүгін Қарағандының «Сарыарқа» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ойында елордалық клуб қарсыласынан 8:2 есебімен басым түсті.

Бірінші кезеңде есепті алғаш болып «Сарыарқа» хоккейшісі Владислав Кулиев ашты. Кейін «Барыс» қатарынан сегіз шайба соқты.

Бірінші кезеңде Антон Сагадеев 8, Әлихан Әсетов 17-минутта қарағандылық команда қақпасынан саңылау тапты.

Екінші кезеңде елордалық клуб сапынан Линус Видель 24, Егор Петухов 33-минуттарда мергендік танытты.

Ал үшінші кезеңде «Барыс» қатарынан Дмитрий Гурков 51, Никита Михайлис 53, Даррен Диц 56, Дмитрий Шевченко 58-минуттарда қарсылас клубты қапы қалдырды.

Қорытынды есепті 60-минутта «Сарыарқа» сапынан Александр Борисевич белгіледі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын Өскеменнің «Торпедо» клубымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысында 1:2 есебімен жеңіліп, екінші ойында 6:4 есебімен басым түсті.

Ал 31 тамызға жоспарланған Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен жолдастық кездесу өткізілмейтін болды. Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын «Барыс» 3 қыркүйекте Латвияда «Динамо» (Рига) командасына қарсы өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы