426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайрат» Еуропа лигасының келесі айналымына жолдама алды

  • 244
  • UPD: 23:49, 27.08.2020
«Қайрат» Еуропа лигасының келесі айналымына жолдама алды

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Қайрат» Арменияның «Ноа» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Есепті күтпеген жерден қонақтар ашып кетті.

Дегенмен, алаң қожайындары есеңгіреп қалған жоқ. Алдымен қырғыз «Мессиі» таразы басын теңестірсе, артынша тәжірибелі Вагнер Лав командасын есепте алға шығарды. Екінші таймда бразилиялық шабуылшы дубль автор атанса, «Ноа» ойыншысы Дедечко өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша Алматының «Қайраты» алғашқы іріктеу кезеңнен мүдірмей өтіп, келесі айналымға жолдама алды.

Еуропа лигасы. Алғашқы іріктеу кезеңі

«Қайрат» — «Ноа» (Армения) 4:1 (2:1)

Голдар: Бор 8 (0:1), Алыкулов 12 (1:1), Вагнер Лав 35 (2:1), Вагнер Лав 70 (3:1), Дедечко автогол 90 (4:1)

Хабар 24 телеарнасы