427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» өз алаңында СКА командасынан басым түсті

  • 103
«Барыс» өз алаңында СКА командасынан басым түсті Prosports.kz

4 қазанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» - СКА матчы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Есепті алғаш болып елордалық клуб ашты. Оның үстіне бірінші период аяқталғанша есепті 2:0-ге жеткізіп, айқын басымдылыққа ие болған. Алайда ресейлік клуб екінші және үшінші периодта бір шайбадан соғып, есепті теңестірді. Матч буллит сериясына дейін созылды. Ал бұл сында «Барыс» хоккейшілерінің бағы жанып, мерейі үстем болды. 

Айта кетейік, қыркүйек айының ортасында «Барыс» клубының 12 ойыншысы мен мүшелері арасында коронавирус сынамалары оң нәтиже беріп, бүкіл құрам екі апталық карантинге жіберілген еді. Қазір карантин мерзімі аяқталып, қазақстандық команда қайтадан матчтарға қатысуға мүмкіндік алды.

«Барыс» - СКА 3:2 Б (2:0, 0:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 Сагадеев (Шевченко, Акользин) 14:29

2:0 Диц (Лилья, Михайлис) 19:00

2:1 Морозов (Ткачев) 29:09

2:2 Тимкин (Завгородний) 44:21

3:2 Старченко 65:00 ПБ

Қақпашылар: Карлссон – Бердин.

Хабар 24 телеарнасы