424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Попко Орландодағы Challenger кезеңін сәтті бастады

  • 50
  • UPD: 12:03, 17.11.2020
Дмитрий Попко Орландодағы Challenger кезеңін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Орландода Challenger кезеңіндегі турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

Алғашқы айналымда оның қарсыласы америкалық Ноа Рубин болды. Екеуара кездесу екі сетке созылып, 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.

Дмитрий Попко келесі кезеңде АҚШ-тың тағы бір өкілі Закари Свайдпен кездеседі. 

Хабар 24 телеарнасы