384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Қазбекова: Жолдауда айқындалған жаңа стратегиялық басымдықтар жарқын болашаққа жол ашпақ

  • 601
  • UPD: 19:32, 20.02.2017

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен «Қазақстан кәсіпкер əйелдер одағы» бірлесе отырып Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында астаналық белсенді қыз-келіншектерімен кездесті.

Жиын барысында сөз алған Қазақстандық кәсіпкер әйелдер одағының төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Елбасы Жолдауының жүзеге асуы кемел келешектің кепілі боларына сенімді екенін айтты.

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы ерекше. Себебі ол жалпы экономика мен қоғам жандануының жаңа кезеңіне бастау береді. Және айқындалған жаңа стратегиялық басымдықтар жарқын болашаққа жол ашпақ.

Хабар 24 телеарнасы