389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл» партиясы Елбасы Жолдауын қолдайды

  • 1118
  • UPD: 17:11, 05.03.2017

Елбасы Жолдауын насихаттауда «Ауыл» партиясы да белсенділік танытып отыр.

Партия мүшелері, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бастамаларды қолдайды. Айтуларынша, салаға ғылымды енгізу, жаңа технологияы қолдану өнімділікті көтереді. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді. Жұртшылық енді құрыла бастаған ауылшаруашылық кооперацияларынан көп үміт күтеді. Бұдан өзге де мал басын көбейтуді, егін салуды, бау-бақша дақылдарын өсіруді қолдайтын бірқатар жоба бар. Осының бәрі ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр. Партия белсенділері ұйымдастырған дөңгелек үстелде осы мәселелер кеңінен талқыланды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ауыл» ХДП төрағасы:

- Ауыл шаруашылығының егізгі саласы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы ғой. Бүгінгі күні алдағы құрылымдардың 72 пайызы жеке қожалықтардың қолында. Осы жеке қожалықтарды қолдай отырып, ауылшаруашылық өнімінің көлемін көбейтуге мүмкіндік аламыз.

Хабар 24 телеарнасы