365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Теңіз түбіне көкөніс өсірген Италия жұртты таңқалдырды

  • 454
  • UPD: 12:37, 19.07.2018

Су астындағы бақша. Италиялықтар Генуя маңындағы теңізде көкеніс пен емдік қасиеті бар шөптерді өсіріп, елді таңқалдырып отыр.

Тіпті жер көлемі шағын кейбір мемлекеттер бұл тәсілге қызығушылық танытуда.  

Бұл Немо есімді капитанның бақшасы. Ерекше жылыжай 8 метр тереңдікте орналасқан. Бақшаға арнайы жүйемен қоспалар бөлініп, теңіз суымен суарылып тұрады.

Лука Гамберини, суасты қондырғысын шығаратын компанияның өкілі:

- Теңізде температура бір қалыпта сақталады. Бақша экологиялық таза судан нәр алады. Қажетті дәрумендерді сіңіреді. Тың тәсіліміздің нәтижесі жақсы.  

Бақшаға арнайы қондырғылардың көмегімен күтім жасалады. Жаңа технологиялар көкеністердің өсуін қадағалауға мүмкіндік береді. Бағбандар су астына тек жемісті жинайтын кезде бірақ түседі. 

Теңіз астындағы бақшада қызанақ, сарымсақ сынды түрлі көкеністер мен емдік шөптер өсіп тұр. Ғалымдар жаңа технологиялардың көмегімен жеміс өсіруге де ниеттеніп отыр. Таң қаларлық әдістің шығыны да аз емес. Әр биосфераның құны оннан жиырма мың еуроға дейін барады. Бұдан бөлек сүңгуірлердің жалақысы бар. 

Антонио Ферранте, Милан университетінің профессоры:

- Бүгінде тың технологияның көмегімен Антарктида яки айдада өсімдік өсіруге болады. Мұндай тәжірибені неге су астында көрмеске?! Теңіз астындағы бақша тек шығын емес. Пайдасын да беріп жатыр. Жылыжайымыздың келешегі бар деп айта аламыз.

Италиялық бағбандардың су астындағы бақшасына өзгелер де қызығушылық танытып отыр. Тың технология арқылы бұл тәсілді жетілдіруге болады. Мамандар оның пайдасын болашақта көретінін айтты. Себебі БҰҰ болжамынша шамамен 30 жылдан соң жер бітендегі адамдардың саны 10 миллиардқа жетуі ықтимал. Яғни сол кезде халықтың азықтан таршылық көрмеуіне осы жоба кепілдік бермек. 

Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Другие материалы в этой категории: « Мысырлық археологтар ежелгі мазар тапты Индонезияда лай көшкінінен 7 адам мерт болды »
K2_NEWH3
Телеканал Хабар 24