378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақ ұлттық өнер университетінде жаңа мамандықтар ашылмақ

  • 324
  • UPD: 23:09, 28.02.2019
Қазақ ұлттық өнер университетінде жаңа мамандықтар ашылмақ

Енді аталмыш жоғары оқу орнына түсуге ниетті азаматтар «Туризм», «Мәдени-демалыс жұмысы» және «Музей ісі» бағыттарына құжат тапсыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында университет ректоры Айман Мұсаходжаева мәлімдеді. Бұдан бөлек алдағы уақытта жас талантты жазушыларды, ақындарды, суретшілер мен музыканттарды қолдау мақсатында әдебиет және өнер институтын ашу жайы қарастырылып жатыр. Жалпы, бүгінде университет қабырғасында кадрларды даярлаудың 5 сатылы моделі енгізілген, яғни мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура.

Айман Мұсаходжаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры:

- Қазіргі кезде университет жұмысының тиімділігі түлектердің жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша бағаланады. Бұл туралы кешегі съезде Мемлекет басшысы да айтқан болатын. Былтыр біздің университетті  бакалавр дәрежесі бойынша 304 адам тәмамдады, олардың 95 пайызы жұмысқа орналасты. Ал магистратураны  50 түлек бітірсе, қазір барлығы еңбек етіп жүр.

Телеканал Хабар 24