379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


БҚО-да ауызсумен қамтылатын ауылдар саны артады

  • 144
  • UPD: 09:20, 26.03.2019
БҚО-да ауызсумен қамтылатын ауылдар саны артады

Батыс Қазақстан облысында биыл тағы 28 ауыл орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады.

Қазіргі таңда аймақтағы 441 елді мекеннің тек 204-і ғана таза ауызсуын тұтынып отыр. Яғни аймақ тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші – 46,3 процент. Айта кету керек, республика бойынша орташа деңгей – 62,5 процент. Мұның себебін мамандар аталған салаға бөлінетін қаржының аздығымен байланыстырады. Дегенмен соңғы жылдары аймақтағы ауылдарды сапалы ауызсумен қамту жұмыстары жанданып келеді. Мәселен, 2011-2016 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасына 9 миллиард теңге бөлінсе, тек 2017 жылдың өзінде ғана аймаққа дәл осындай көлемде қаржы бағыталды. Соңғы 2 жылда 110 елді мекен сапалы тіршілік нәріне қол жеткізді. Биыл Орал қаласының іргесіндегі Ветиелки ауылына да су құбыры тартылмақ.   

Райхан Құрманова, ауыл тұрғыны:

- Бір құдық бар, суды содан аламыз. Ол ертең көктемде суға толып кетеді. Сонда да содан алып ішеміз.

Тілепберген Қаюпов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- 2019 жылы 30 мың тұрғыны бар 28 ауылдық елді мекенді қамтитын 18 нысанның құрылысы және қайта құрылуға республикалық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлініп отыр. 18 нысанды салу барысында жалпы ұзындығы 470 шақырым су құбырын тарту жоспарланып отыр. Жыл соңында 14 ауылдық елді мекенді қамтитын 8 нысанды қолданысқа беру жоспарымызда бар. Нәтижесінде ауылдарды сумен қамту көрсеткіші 48,5 пайызға көрсеткішке қол жеткізу күтілуде.

Телеканал Хабар 24