378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Барселона» ағылшындардың клубын жеңді

  • 109
  • UPD: 15:01, 02.05.2019
«Барселона» ағылшындардың клубын жеңді

УЕФА чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуі өтті. Испаниялық «Барселона» өз алаңында Ливерпуль клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч барасында Луис Суарес есеп ашса, Лионель Месси дубль авторы атанды. Қарымта матч 7 мамырда өтеді. Айта кетейік, осының алдында жартылай финалда Тоттенхем мен Аякс командалары кездескен болатын. Алғашқы матч 0:1 есебмен аяқталды.

Елордада хоккейден бірінші дивизион құрамалары арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күні жерлестеріміз Литва хоккейшілерімен кездесіп, 3:1 есебмен басым түсті. Ең алдымен алаң иелері сапындағы Дастин Бойд шайба соққан. Артынша Никита Клещенко мен Даррин Диц есепті еселеді. Айта кету керек, ойын барысында ұлттық құрамадағы Никита Михайлис пен Алихан Асетов та мергендігімен көзге түскен. Бірақ, төрешілер оны есепке алмады. Осылайша, алғашқы 2 ойында 6 ұпай жинаған жерлестеріміз турнир тізімінің әзірге 3-сатысында тұр. Топ басында Оңтүістік Корея мен Белорусь хоккейшілері. Андрей Скабелка баптайтын жігіттер бүгін кореялық хоккейшілермен жолығады. Жарыстың жалпы қорытындысы 5 мамырда белгілі болады. 

Елордада жүзуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды. Дәстүрлі додаға биыл еліміздің барлық аймағынан 400-ге жуық қатысушы жиналды. Енді олар 4 күн бойы өзара мықты анықтайды. Жарыс бағдарламасында жүзудің олимпиадалық түрлері толық қамтылған. Бұған қоса ерлер мен қыздар жас деңгейлері бойынша бөлек сынға түседі. Сондықтан, сарапқа салынатын  медальдың жалпы жиындығы 40-ты құрайды. Айта кетейік, 16 жасқа дейінгілер арасындағы чемпионат елордада 2012 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бірер жылдан кейін дәл осы спортшылар ересектер сапына қосылып, халықаралық додаларда ел намысын қорғайды. 

Велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері Азия чемпионатынан қомақты жүлдемен оралды. Байрақты бәсеке Өзбекстан елінде өткен болатын. Оған құрлықтағы 40 елден 500-ден аса спортшы қатысты. Араларынан қазақстандық Максим Попугаев пен Ульяна Сухоребрик жасөспірімдердің жекелей сынында топ жарды. Артынша, осы жетістікті тағы бір жерлесіміз Евгений Фёдоров қайталады. Ал топтық сында Евгений Фёдоров 2, Даниил Марухин 3-орынға жайғасты. Бұған қоса қыздар арасындағы командалық сында қазақстандық Алина Сарқұлова қола жүлдегер атанды.

Телеканал Хабар 24