421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «ЕХРО-2017» тақырыбына арналған кітап көрмесі ашылды

  • 1932

Ұлттық академиялық кітапханада «ЕХРО-2017 – болашақтың қуаты» деген атаумен үздік кітаптар көрмесі ашылды.

Көрме сөрелеріне 400-ден астам туынды қойылған. Онда оқырмандар халықаралық  көрмелердің шежіресімен таныса алады. Сондай-ақ Қазақ елінің тарихы мен салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Осы арқылы қала тұрғындары мен қонақтары елімізде өтетін шараның маңыздылығына мән береді дейді ұйымдастырушылар.

Айнагүл Мұратбекова, ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі: 

- Бұл кітап экспозициясы 4 бөлімнен тұрады. Онда ЕХРО хранологиясы, тарихы және Қазақстан мен ЕХРО-ның байланысы туралы. ҚР Ұлттық кітапханасының осы көрмеге арнаған жобалары бар. Сондай-ақ кітапханада сирек қорлар мен қолжазбалар орталығын құру жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы