417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурда ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті

  • 851
Сингапурда ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті

2017 жылғы 17-19 ақпанда Сингапурда National Association of Travel Agents of Singapore ұйымдастырған NATAS Travel Fair атты мерейтойлық 50-туристік көрме өткізілді.

Жәрмеңке барысында Сингапур жұртшылығына Қазақстанның туризм әлеуеті мен 2017 жылдың басты іс-шарасы ЕХРО-2017 халықарылық көрмесі таныстырылды.

Осымен Қазақстан аталған көрмеге үшінші рет қатысып отыр. «Қазақстан Ұлы дала елі» атты павильонын Қазақстан Республикасының Сингапурдағы елшілігі ұйымдастырған.

Қазақстандық павильонның негізгі серпіні еліміздің туристік әлеуетін Сингапур жұртшылығы және туристік операторлары мен агенттері арасында таныстыруға және ЕХРО-2017 көрмесіне тартуға бағытталған.

National Association of Travel Agents of Singapore президенті Дэвиндер Ори (Devinder Ohri) қазақстандық павильонды аралау барысында сингапурлық туристердің Қазақстанға ағынының айтарлықтай артқандығын, оның үстіне Сингапурдың ЕХРО-2017 көрмесіне қатысатынын ескере отырып, Астанадағы ЕХРО көрмесінің ұйымдастырылуы әлемдік туристік нарығында Қазақстанға қатысты қызығушылыққа оң серпінін тигізетіндігін баса айтты.

Іс-шараның өткізілуінің үш күні ішінде көрмені 111 мыңнан астам адам келіп көрді. Қазақстандық павильонда 8 мыңнан астам көруші тамашалады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы