384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017: 3D көзілдірік арқылы Венгрияға саяхат жасауға мүмкіндік бар

  • 556

ЭКСПО қалашығында бүгін Венгрия мемлекетінің ұлттық күні.

Халықаралық шарада мажарлар баламалы қуат көздерін пайдаланудың түрлі жобаларын ұсынып отыр.

Бүгін ЭКСПО көрмесінде Венгрия елінің ұлттық күні тойланып жатыр. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, Қазақстан мен Венгрия елдерінің әнұраны шырқалып, туы көкке көтерілді.

Айта кету керек, мажарлар өздерін қыпшақтардан тараған ұрпақ екендерін айтып келеді. Сондықтан мажар мен қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-салты өте ұқсас. Таңнан бастап дәстүрлі киім киген қыпшақ капитандары және Мажарстан әскерінің музыкалық тобы қыпшақтардың тұрмыс-салтын көрсетіп, дәстүрлі әндерін орындап жатыр. Сондай-ақ үш күн бойы Мажарстан павильонында қыпшақ күндері тойланатын болады. Ал бұл ел ЭКСПО көрмесіне қандай жаңалығымен келді дегенге келсек, мажарлар 412 шаршы метр болатын павильонның аумағын түрлі жобалармен толтырған. Біздерді біріктіретін «Болашақ энергиясы» тақырыбында күн, жел және судан қуат алатын тың құрылғыларын алып келіпті. Мажарстан күн энергиясына басымдық беріп отыр. Сонымен қатар павильонның қақ ортасында тамырын тереңге жайып, бұтағын биікке созған үлкен «Бәйтерек» тұр. «Астананың символы «Бәйтерек» болса, оларда бұл  өмір ағашы. Ол жағынан да мажар мен қазақ халқының ұқсастығын көруге болады. Сонымен қатар 3D көзілдірік арқылы Венгрияға саяхат жасауға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы