378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бундестаг депутаты: EXPO көрмеcі Қазақстан мен Германия қарым-қатынасын жандандыра түсті

  • 632

Қазақстан болашақтың баламалы энергия көзінде екенін әлемге паш етті.

Бундестаг депутаты Филипп Ленгсфельдт осылай дейді. Неміс саясаткері ЭКСПО көрмесінде болып, шараның ұйымдастырылу барысына ғана емес, Астана қаласының футиристік сәулетіне де таңғалғанын жеткізді. Сондай-ақ өз сөзінде «төрткүл дүние көз тіккен көрме Қазақстан мен Германия қарым-қатынасын одан ары жандандыра түсті» деп атап өтті.

Филипп Ленгсфельд, Бундестаг депутаты: 

– Ең алдымен ГФР Президенті Штайнмайердің Қазақстанға келу маңыздылығын атап өтейін. Оның ЭКСПО көрмесіне барып қайтуы шараның қаншалықты ауқымды, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты бағалы екенін айқындайды. Қазақстан біз үшін маңызды серіктес және болашаққа бірге қадам басуымызды жалғастыру керек. Ал ЭКСПО Германия үшін өзекті тақырып. Әлемнің барлық елі болашақ энергиясы тақырыбында жобаларын ұсынды. Соны көру мен үшін қызық болды. Көп әсер алдым. Барлық павильондар ішінде Қазақстанның кешені ерекше. «Нұр Әлем» экспозициясы Астананың көркін аша түсері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы