386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ереванда атыс кезінде қарулы топтың 3 мүшесі жараланды

  • 1024

Армения астанасы Ереванда полиция бөлімшесін басып алған қарулы топ пен тәртіп сақшылары арасында атыс болды.

Қаскөйлердің үшеуі жараланған. Естеріңізде болса, қарулы топ полиция бөлімшесіне 17 шілдеде басып кіріп, ондағыларды кепілдікке алған еді. Бір аптадан кейін тұтқында отырғандардың барлығы босатылғанымен, шабуылшылар ғимаратқа бекініп алып, шықпай отыр. Олар қамауда отырған оппозиция жетекшілерін еркіндікке жіберуді талап етуде. Ал, 27 шілдеге қараған түні мұнда атыс болып, бірнеше адам жараланды. Қаскөйлер көмек көрсетуге келген жедел жәрдем бригадасының 4 қызметкерін кепілдікке алды. Артынша олардың біреуі босатылған. Қазір шабуылшылар 3 медициналық қызметкерді тұтқында ұстап отыр.  

Хабар 24 телеарнасы