389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 1 млн 700 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген

  • 759

Ақмола облысы тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша елімізде көш бастап келеді.

Тек соңғы жылдардың өзінде аймақта «Қолжетімді баспана» және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламаларының көмегімен 1 млн 700 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Осылайша жаңа ауруханалар, балабақшалар мен коммуналдық ғимараттар бой көтерді. Сондай-ақ жыл басында Жарқайың,Зеренді,Ақкөл аудандарында жаңа медициналық мекемелер тұрғындардың игілігіне берілді. Енді облыс орталығы мен Бурабай ауданында тағы бірнеше тұрғын үй мен маңызды нысандар салынбақ.

Амангелді Смаилов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- Жаңа оқу жылының басына дейін 5 мектептің құрылысын аяқтаймыз. Щучинскіде 900 орындық мектеп салынады және Еңбекшілдер ауданы Мақпал ауылында, 96-разъезде, Тайтөбе мен Ерейментау аудандарының Застанционный кентінде білім ошақтарын қолданысқа береміз. Ал Көкшетауда 280 және 240 орындық екі балабақша бой көтереді.

Хабар 24 телеарнасы