384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливия мен Кубаның медицина саласындағы ынтымақтастығына 10 жыл толды

  • 638

Боливияда Кубамен медицина саласындағы ынтымақтастықтың 10 жылдығына арналған салтанатты рәсім өтті.

Коча-бамба аймағында өткен бұл шараны ел президенті Эво Моралес ашты. Оның айтуынша, Боливияда кубалық дәрігерлер істейтін 700-ге жуық аурухана бар. 2006 жылы билікке келген Эво Моралес ел тарихында президент болып сайланған байырғы халықтың тұңғыш өкілі. Солшыл көзқарастағы Эво Моралес социалисттік Куба және Венесуэламен тығыз байланыс орнатты. Билік басындағы алғашқы қадамдарының бірі Кубадан дәрігерлерді шақырту болған. 2009 жылы Боливияда Денге безгегі тарап бұл індетпен күреске бес жүздей кубалық дәрігер шақырылған еді. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, Куба медицина саласы жақсы дамыған елдердің қатарында. 

Хабар 24 телеарнасы