376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда су тапшылығынан тәртіпсіздік туындады

  • 806

Үндістанның Карнатака штатында су тапшылығы салдарынан жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. Бұзақылар дүкендерді қиратып, көліктерге от қойды. Аймақтағы мектептер жабылып, қоғамдық көлік іркіліспен қатынай бастады. Жоғарғы соттың жергілікті су қоймасынан көршілес Тамилнад штатына жіберілетін су көлемін арттыру шешімі штат тұрғындарының наразылығына түрткі болған. Соңғы жылдары Үндістанда муссон маусымы кезінде жаңбыр әдеттегіден аз жауып жүр. Соның салдарынан ауыл шаруашылығындағы ахуал ауырлап, азық-түлік бағасы қымбаттап кетті.

Хабар 24 телеарнасы