384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ә.Жақсыбеков Қ.Қожамжаровты жаңа ұжыммен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі

  • 796

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылымдық ұйымдастырудан кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылды. Жаңадан құрылған агенттіктің төрағалығына Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Ведомство басшысын мекеме қызметкерлеріне Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков таныстырып, жаңа агенттіктің жұмысына сәттілік тіледі.

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – тікелей Президентке бағынатын, жемқорлық көріністердің алдын алу және мемлекеттік деңгейде көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган.

Хабар 24 телеарнасы