376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық оқушылар Мәскеуде сәтті өнер көрсетті

  • 1021
Елордалық оқушылар Мәскеуде сәтті өнер көрсетті фото: astana.gov.kz

Ресей астанасы Мәскеуде қала мэрінің қолдауымен ұйымдастырылған бірінші Мегаполистер олимпиадасы мәресіне жетті. Ғылыми жарысқа 20-ға жуық елдің оқушылары қатысты. Астаналық оқушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі және жалпыкомандалық жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Бұл Олимпиада әлемнің ірі қалалары мен елдер астанасын біріктірді. Оған 8 елордалық оқушы қатысты. Жас дарындар жаратылыстану бағытындағы химия, физика, математика және информатика пәндерінен сайысқа түсті. Біз қол жеткізген нәтижелерге қуаныштымыз, балаларды құттықтаймыз», - дейді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Әлия Аяпова.

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Бидайбек Санжар информатикадан алтын медаль олжалады. «Нұр Орда» лицейінің шәкірті Кемел Нұрдәулет физикадан, «Нұр Орда» лицейінің тағы да бір оқушысы Хомар Шыңғыс химиядан, қазақ-түрік лицейінің оқушысы Кұдайбергенов Әлихан математикадан және ҚТЛ оқушысы Омаров Рауан информатикадан күміс медаль алды. Сондай-ақ, ҚТЛ шәкірті Тажибеков Төрехан математикадан қола медаль иеленді.

Хабар 24 телеарнасы