384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы қаласы қысқы Универсиаданы өткізуге тас-түйін дайын

  • 821

Алматы қысқы Универсиаданы қабылдауға тас-түйін дайын. Бұл туралы шаһар басшысы Бауыржан Байбек қауымдастықтың үлкен жиынында мәлімдеді. Халықаралық студенттер спорты қауымдастығының президенті Олег Матыцин бастаған 25 елдің делегаттары енді 3 күн бойы Универсиаданың дайындық жұмыстарымен танысады. Шетелден келген қонақтарға шаһардың басты жетістіктері таныстырылды. Делегаттар 18 қыркүйекке дейін Универсиада өтетін спорттық кешендерді аралап, атлеттердің жаңадан бой көтерген қалашығымен де танысады.

Қайрат Закирьянов, ҚР ұлттық студенттер спорты қауымдастығының президенті:

- Президентіміздің қолдауымен бүгін өте жақсы дайындық жасалды. Мынау универсиада өтетін спорт кешендері 99 пайызға дайындық бар. Бұрыннан келе жатқан спорт кешендері оларды өңдеуден өтіп жатыр. Сондықтан бүгін міне, 25 елден өкілдер келіп отыр. Бүгін-ертең осы объектілермен танысады. Менің ойымша, барлығының көңілдері толық болады.

Алшыораз Бабаев, Қырғызстан студенттер спорты қауымдастығының бас хатшысы:

- Алматының дайындығын біз бұрын бір келіп кеткенде көргенбіз. Кеше қыдырып шықтық. Бір күн бұрын келіп алып, Медеу, Шымбұлақ трамплин жасаған жерлерлердің бәрін көріп, кереметтей таң қалып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы