384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа атом электр стансаларында қауіпсіздік шараларын күшейтті

  • 626

Кәрі құрлық тағы да лаңкестіктен cескеніп отыр.

Еуропа зерттеушілері мен қауіпсіздік қызметтері енді химиялық қарудан қауіптенеді. Ислам республикасы мен Сирия және Ирак секілді елдерде террористерге қолдау көрсетіп жүрген лаңкестердің өз елдеріне қайта оралуы да ойландыратын жағдай. Бұл жайында Еуроодақтың қауіпсіздік бөлімінің коррдинаторы мәлімдеді.

Қазір Еуропада күн тәртібінен түспей тұрған бір ғана мәселе бар. Ол – лаңкестер ендігі жерде жаппай қырып жоятын қарудың жаңа түрін пайдалана ма деген қауіп. Наурызда Брюссельде болған оқиғалардан кейін атом электростансаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Маңызды әрі қауіпті стансалар полицияның күшейтілген қадағалауына өтті. Себебі мамандардың пайымдауынша, содырлар ендігі жерде химиялық қару қолдануы мүмкін. Еуроодақтың терроризммен күрес жөніндегі бөлім координаторы Жиль Де Кершов тура осы мәселені Еуропалық парламентте мәселе етіп көтерді.

Жиль де Кершов, Еуроодақтың лаңкестікпен күрес бөлімінің үйлестірушісі:

- «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» автокөлік пен өзге де техникалық құралдарды пайдаланып, күтпеген жарылғыш заттар жасады. Енді олар одан ары дамып, өзге де мықты қару жасап шығарары анық. Біздің мақсат – соның бетін алу. Сонымен қатар олар химиялық қаруды пайдалануы да мүмкін. «Халифат» ыдырай бастағандықтан, ол жақтағы көптеген жауынгер жан-жаққа кете бастады. Мыңдаған жауынгер әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетуі ықтимал. Ал егер олар Ливия секілді қаны қызып тұрған мемлекетке барса ше? Біздің байқауымызша, осы күні Германиядағы босқындар лагерінде сәлафиттер өздерінің сандарын көбейтіп, бейбіт адамдарды қатарына алып жатыр.

Терроризм зұлматы ушығып тұрған қазіргідей келеңсіз жағдайда Қазақстанның және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экстремизмге қарсы күрес туралы тың идеялары мен нақты қадамдары көпшіліктің көңіліне қонып тұр.

Сико ван дер Мер, Clingendael халықаралық қатынастар институтының зерттеушісі:

- Содырлар әзірге ядролық қаруды қолдана алмай отыр. Әйтсе де, біз олардың қолдан ядролық қару жасап, оны қолданып көргісі келетінін сырттай білеміз. Бірақ кейбір мемлекеттер мен ғалымдардың бұл мәселеге аса қатты бас ауыртқысы келмейтінін көз көріп жүр. Себебі әзірге ешқандай факті тіркелген жоқ. Ал егер мұндай жағдай орын алатын болса, онда оның арты үлкен қатерге алып келеді. Қазақстан осы мәселеге келгенде өте жауапты көзқарас танытады. Кейбір радиоактивті сұйықтығы бар мемлекеттерге оны қалай сақтау керектігі жайлы тамаша идеялар ұсынды. Соның бірі Қазақстанда жасалынатын банк. Ол жоба іске асса, күллі әлем ядролық қауіптіліктен арылар еді.

Пол Мертс, Clingendael халықаралық қатынастар институтының профессоры:

- Әскери және экономикалық тұрғыдан бөлек қауіпсіздік жайында сөз қозғағанда біз ең алдымен тұрақтылықты алға тартуымыз керек. Біз тек өз аймағымызды емес, сонымен қатар өзге де елдердегі жағдайларды қадағалауымыз керек. Сондықтан да Қазақстанның тұрақтылық мәселесінде өз аймағында лидер екенін біз анық ұғынып отырмыз. Бұл тек терроризммен күрес мәселесінде ғана емес. Адамдар бақытты өмір сүру үшін жақсы жалақымен, жемқорлықсыз, тұрақтылықта өмір сүруі тиіс. Бұл өте маңызды. Біздің байқауымызша, Президент Назарбаев бұл мәселені бірінші кезекке қояды.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы