383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды

  • 1073
Елордада XIX «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі басталды Фото: Караван

Халықаралық «Шабыт» фестивалі осымен 19 жыл қатарынан ең өнерлі деген өрендердің басын қосты.

Бүгін Астанада оның ресми ашылу салтанаты болды. Биылғы шараның ерекшелігі – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстарға басымдық беріледі. Ал фестивальдің өзі 6 аталым бойынша өтеді. Олар «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Эстрадалық вокал», «Үздік әдеби шығарма», «Хореография» және «Ұлттық музыка». Ал бақтарын сынауға өтінім бергендер саны 600-ден асады. Олар 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Сөйтіп, 8 қарашада лауреаттардың есімдері белгілі болады.

Борис Грачевский, кинорежиссер:

- Өнерлі жастар өте көп жиналыпты. Астанаға келмей тұрып, өзім де осындай боларын білгем. Өйткені қазір әлемде өнер деген сала қарқынды дамып келеді. Ал «Шабыт» фестивалі осы бағытты таңдағандардың жолын ашып, шығармашылық шабытын шыңдауға керемет серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы