386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХХVІІІ қысқы Универсиада ойындарында 3 мың ерікті қызмет көрсетеді

  • 580

Алматыда алдағы жылы өтетін 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары кезінде қонақтар мен спортшыларға 3 мың ерікті қызмет көрсетеді.

Алайда, жұмыс істеуге ниетті жастардың тәжірибесі аз болғандықтан оларды дайындауға арналған оқу бағдарламасы қолға алына бастады. Осы мақсатта Универсиада дирекциясы тарапынан тағайындалған, түрлі халықаралық жарыстарда жұмыс істеген 150 үйлестіруші дәріс береді. Олар бар білгенін үйретіп, тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Дайындық бағдарламасы қарашаның 12-сі мен 26-сы аралығында бірнеше спорт нысанында өткізіледі.

Бану Дүйсенбекқызы, Универсиаданы ұйымдастыру тобының мүшесі:

- Командада, топта адамдармен қалай тіл табысып, ол жұмыстарды өнімді етіп жұмыс жүргізу үшін қалай жүргізуге болатыны туралы ақпарат берілді. Және де кез-келген елдің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі сол туралы ақпаратты алдық. Яғни ол туралы білімімізді әрі қарай толықтырамыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы