387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теракт әрекеттері туралы хабарлағандар сыйақы алады

  • 791

Бұдан былай лаңкестік әрекетке әзірлік жөнінде хабар берген адамға сыйақы төленеді.

Оның көлемі кемінде 750 айлық есептік көрсеткіш. Үкіметтің дәл осыған қатысты қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Құжатқа сәйкес, аталған сыйақы адам өміріне қауіп төндіретін жарылыс өрт немесе басқа да қаскөйлік әрекет туралы дереу ақпарат жеткізгендерге беріледі. Ал терроризмнің аса қатерлі түрін жоспарлап, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірмек болғандардың жолын кесуге көмектескендер мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша алады. Бұл қаржы мемлекеттік қазынадан бөлінеді және ақпарат иесіне күдіктіге қатысты сот шешімі шыққан соң беріледі.

Хабар 24 телеарнасы