432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден қыздар құрамасы Ұлыбританиядан 11:0 есебімен басым түсті

  • 985

Алматыдағы ақ Универсиада ойындары қазақстандық хоккейшілер үшін табысты басталды.

Ерлеріміз қытай командасын ойсырата жеңсе, қыздарымыз ұлыбританиялықтардан басым түсті. Александр Мальцев шәкірттері Британия аралынан келген бұрымдыларды ұршықша үйірді. Карина Фелзинк, Малика Алдабергенова, Ажар Хамимулдина және команда капитаны Ғалия Нұрғалиева алғашқы кезеңде шеберлік танытса, үзілістен кейін Бұлбұл Қартанбаева мен Меруерт Рысбек, Пернеш Әшімова нәтижені еселей түсті. Үшінші кезеңде де қыздарымыз қарқындарын үдетіп есеп айырмасын ұлғайтты. Бұл жолы Мәдина Тұрсынова мен Аида Олжабаева белсенді болды. Кездесуді Бұлбұл Қартанбаева қорытындылады. Есеп 11:0. Қазақстандық қыздар құрамасы келесі іріктеу ойынын 30 қаңтарда қытай командасымен өткізеді.

Ғалия Нұрғалиева, Қазақстан құрамасының капитаны:

- Әр қарсылас бізге қарсы жақсы ойнады. Бізге ең маңыздысы – финалға шығу.

Хабар 24 телеарнасы