384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Х.Ипек: Қазақстанның әлемдік қауымдастықта мәртебесі зор

  • 698

Қазақстан тәуелсіздік алған ширек ғасырда дамудың даңғыл жолын тапқан іргелі мемлекетке айналды.

Ал бүгінде халықаралық маңызды бастамалар көтеріп, жаһандық мәселелерді шешуге аянбай атсалысуда. Тіпті кейде, ресми Астана жекелеген өзекті мәселелер бойынша үнқатысу алаңын ұсынып, өңірдегі саяси ықпалын айқындап отырады. Осы басымдығының арқасында Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам Конференциясы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сынды беделді орталарда төрағалық етіп, қызметін абыроймен атқарып шықты, - деп есептейді Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Халюк Ипек.

Халюк Ипек, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:

- Қазақстан 25 жылды азат ел ретінде үлкен табандылық пен табысты өткергенін мақтанышпен айта аламыз. Әлемге атын әйгілеп, халықаралық қауымдастықта лайықты орын алды. Қуатты мемлекетке айналу үшін үздіксіз экономикалық реформалар жүргізуде. Білім саласына да айрықша басымдық беріп отырғанын білеміз. Өйткені елдің келешегі білімді де білікті кәсіби мамандардың қолында болмақ. Қазақстан географиялық жағынан Еуропа мен Азияға ашылған қақпа. Ол аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жағынан да стратегиялық роль ойнап тұр. Сол себепті қазақ елінің ықпалды күшке айналуы түркі әлемі мен Түркия үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы