428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік саясаткерлер Қазақстанның тиімді стратегиясын жоғары бағалап отыр

  • 620

Қазақстан - дін таңдау еркін сақтайтын көп ұлтты ел.

Үйлесімді саясаттың арқасында мемлекет ширек ғасыр бойы конфессиялар мен ұлттар арасындағы бейбіт диалогты қамтамасыз етіп келеді. Діни лаңкестік әлемдегі басты қауіп-қатерге айналған кезде мұның маңызы зор. Ресейлік саясаткерлер Қазақстанның түрлі ұлт пен діндер арасындағы қарым-қатынас саласында ұстанған тиімді стратегиясын жоғары бағалап отыр. Олар Қазақстанның бұл тәжірибесі лаңкестікке қарсы күреске өз үлесін қосарына сенімді.

Ильяс Умаханов, Ресей Федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

- Қазақстан бірқатар бағыт бойынша көшбасшылық танытып келеді. Экономикалық бағытпен шектелмей, ел ішінде бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етіп жүр. Қазақстан - дін таңдау еркін сақтайтын көпұлтты мемлекеттердің бірі. Бауырлас қазақ елінде кеңінен игілікті істер атқарылып келеді.

Магомедсалам Магомедов, Ресей Президенті әкімшілік басшысының орынбасары:

- Біз Қазақстан тәжірибесін мұқият зерттеп келеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен таныстық. Біздің сарапшылар лаңкестікпен күресу, радикалды террорлық ағымдарға қарсы тұру іс-қимылдарын үйлестіру жұмысын жалғастырады. Бұл өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы