389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғыз елінің депутаттары қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

  • 1091

Көршілес Қырғыз елінің депутаттары қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің ширекғасырлық тойымен құттықтады.

Олардың пікірінше, халықтың тынымсыз еңбегінің арқасында 25 жылда ауыз толтырып айтар жетістіктерге жетті. Аз ғана уақыт аралығында тұрғындардың тұрмысы түзелді. Бұл Елбасына сенім артқан халық үмітінің ақталғаны деп санайды.

Махабат Мавлянова, Қырғыз Республикасы парламентінің депутаты:

-  Қазақстанның  дамуы тек мемлекеттің ғана емес, мұндағы халықтың өмір сүру деңгейінің де көтерілгенін көрсетеді. Сондықтан сіздің елдің халықаралық аренада беделі арта беруін және бейбітсүйгіштік қалпынан таймауын тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы