369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экономика. Қазақстандық брендтер

  • 122

Қазақстан жаңалықтары

-          2018 жылдың шілдесінде, Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 122 теңге болды

-          Қазақстандықтар үшін интернет-байланыс қызметтері жарты жылда 120 млрд теңгеге түскен. Әрбір интернет-абонент жарты жылда орташа есеппен web-провайдерлерге 44 мың теңге әкелген

-          2018 жылдың маусымында қазақстандықтар, ресми түрде елдегі дүкендер мен базарларда 857 млрд 800 млн теңге жұмсаған

Әлем жаңалықтары

-          Әлемдік жылжымайтын мүлік нарығындағы инвестициялық мәмілелер көлемі, 2018 жылдың алғашқы жартысында 341 млрд долларға дейін өсті

-          Бразилияның Petrobras мұнайгаз алыбы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша, 17 млрд 33 млн реал мөлшерінде таза табыс тапқан

Сараптама

Кез келген адам күн сайын бір тауар сатып алады және тұтынушы неге сол тауарды таңдағанына ойланбайды. Ережеге сай, сатып алу таңдауы жеке тәжірибе мен әдетке негізделеді. Оның үстіне, әңгіме анағұрлым қымбат сегментке келгенде, бұл арада өндірушінің бренді маңызды рөл ойнайды. Барлығына танымал және өзін жақсы танытқан марка, әлем бойынша көп көлемде сатылатыны белгілі. Өкінішке орай, әзірге тұтынушылық сегментте мұндай қазақстандық марка жоқ. (спикерлер: Айсауытов Т.- зерттеу агенттігінің директоры; Оспанова Н.- Қоғам мен нарықты кәсіби зерттеушілердің Қазақстандық қауымдастығы президенті)

Хабар 24 телеарнасы