378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимп. Ауыл спорты

  • 110

Биылғы бағдарламаларды бір шолып шықтық. Расымен де, ауыл спорты жайында сөз қозғамағалы біраз болыпты. Ал, енді дәл осы жолғы сапарымызға, сөздің шыны керек, үлкендердің әңгімесі түркі болды. Әсіресе, спорт саласының ардагерлері Абылайхан атты ауыл жайында және ондағы Азат есімді жігіт жайында жиі айтатын. Осы өңірде өсіп-өнген ол қатарластары сияқты арман қуып ірі қалаларға кетпеген. Оқуын аяқтаған соң түкпірде жатқан туған жеріне оралды. Өзі бітірген мектепке жұмысқа орналасты. Ал, қолы босаған уақытта балаларды спортқа баулыды. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында ғана мектептегі спорт залдарды тиімді пайдалу жайында айтты емес пе?! Ал, Абылай хан ауылындағы жағдай соның айқын көрінісі. Күндіз бұнда дене шынықтыру сабағы өтеді. Ал, кешкісін қызу дайындық басталады. Азат қазір балаларды самбо, дзюдо және қазақ күресне үйретіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы