389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Google бразилиялықтардың эмиграция мәселесіне қызығушылығы артқанын анықтады

  • 153

Бразилиялықтардың өз елінен безуіне не себеп? Бұл сауалдың жауабын «Вести Экономика» тілшісі Надежда Корнеева-Терра іздепті. Мақала авторының жазуынша, Google компаниясының бразилиялық бөлімшесі адамдардың эмиграция мәселесіне қызығушылығы артқанын анықтаған. Президент сайлауынан кейін басқа бір елге қоныс аударғанды қалайтын жандардың саны бірден 70 пайызы көбейіпті. Бұл Бразилияда осыдан төрт жыл бұрын басталған миграциялық үдерістердің жалғасы. Дегенмен ресми статистика шетелге заңсыз кеткен азаматтардың есебін жасамайды. Бүгінде 3 млн 83 мың бразилиялық басқа елде тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы