369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Транзитті Қазақстан. Қазақстан Әзірбайжанға тұңғыш рет жүк локомотивін экспорттайды

  • 250

Биыл Қазақстан Каспийдің ар жағындағы мемлекетке 8 жүк локомотивін экспорттауды жоспарлап отыр. 2014 жылы электровоз құрастыру зауыты мен «Әзірбайжан темір жолы» компаниясы арасында 50 локомотивті жасап шығару жөніндегі келісімшартқа қол қойылған. Бұл сол жұмыстың бастамасы. Қазіргі таңда электровоз құрастыру зауыты осы бағыт бойынша тиянақты жұмыс істеп жатыр. Жұмысшылар локомотивтердің әр бөлшегін аса сақтықпен құрастырып, сапасына қатты мән беріп отыр. Өйткені ауыр салмақты жүк локомотивтері көршіміздің қойған арнайы техникалық талаптарына және ТМД елдерінің стандарттарына сай жасалуы тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы