388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жастар жалыны» фестивалі елорданың 20 жылдық мерейтойына арналды

  • Read 1091 times
  • Media
«Жастар жалыны» фестивалі елорданың 20 жылдық мерейтойына арналды

Астанада жетінші "Жастар жалыны" фестивалі аяқталды. Дәстүрге айналған шара биыл елорданың 20 жылдығы аясында өтті.

Оған Астананың 14 жоғары оқу орнынан мыңдаған студент қатысты.

Елордалық студенттер 1 апта бойы «вокал», «медиа», «халық биі», «поэзия», «үздік театрландырылған қойылым» атты 10 номинация бойынша бақ сынады. Фестиваль 23 сәуір күні басталған болатын. Қазылар алқасы үздіктерді іріктеп, гала-концертте өнер көрсетуге шақырды.

Жансерік Садықов Еуразия ұлтттық университетінің 2-ші курс студенті. Ол оқу орнының «Шаңырақ» театрын басқарады. Шығармашылық топ фестивалге ерекше дайындықпен келіпті.

Жансерік Садықов, Еуразия Ұлттық университетінің студенті:

- 2-курс студенті Ерболат Елеместің өзі қойған, өзі сахналаған, авторы да өзі болған «Үміт үзбе» деген қойылымын осында алып келдік. Мұндай фестивальдер адамдар арасында достық қарым-қатынасты көрсетеді, нығайтады. Өз университетіңе, өз қалаңа деген патриоттық сезімді оятады.

Қойылымның басты кейіпкерлері 7 минуттық шығарманың дайындығына 2 ай уақыт кеткенін айтады.

Аяулым Мұқаметхан, Еуразия Ұлттық университетінің студенті:   

- Күнделікті дайындықтардың арқасында өнеріміз өте жақсы шығады деген үміттеміз. Спектакль арқылы жастарға махаббатқа адал болуларын көрсеткіміз келеді.  Спектакльдің сюжеті бойынша қыз бен жігіт апатқа ұшырайды, соған қарамастан қыз әрқашан жанында болады. Және де оған қолдау береді.

Фестивальге 14 жоғары оқу орнының мыңнан астам студенті қатысып, бақ сынады. 10 түрлі байқаудың төртеуінен алға шыққан Еуразия Ұлттық университеті жеңімпаз атанып, 150 мың теңге иеленді. Жалпы жүлде қоры 1 жарым млн теңгені құраған.  

Бақытжан Жүнісбеков, Қоғамдық даму істері басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы:

- Жобаның негізгі мақсаты -  талантты жастарды қолдау, шығармашылық жастарды қолдау. Астана қаласы ЖОО арасында достықты тығайту, студенттік өзін өзі басқару ұйымдарын жетілдіру. Ең бастысы еліміздің «Мәңгілік ел» идеясы аясында барлық жастарды бір ту аясында біріктіру болып табылады.    

Ұйымдастырушылар «мұндай фестивальдер жастардың патриоттық сезімін оятып, шығармашылықпен айналысуға септігін тигізеді» дейді.

Авторлары: Әсел Басшыбек, Наурыз Базаров

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы