384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық және әлемдік қылқалам шеберлері Астанада бас қосты

  • Read 399 times
Отандық және әлемдік қылқалам шеберлері Астанада бас қосты

Елорданың 20 жылдығына орай Ұлттық мұражайда «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі ашылды. Оған АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, Жапония және Үндістан елдерінің үздік суретшілері қатысуда. Өнер майталмандары бір апта бойы бас шаһарымыздың көрікті жерлерін аралап, танымдық экскурсия жүргізді. Осылайша, әрбір суретші жанына жақын көріністерді  бірнеше күн ішінде қағазға түсірген. Көрме маусым айының соңына дейін жалғасып, бірегей туындылар Ұлттық мұражай қорына табысталады.

Жизель Улисс, суретші /Бразилия/:

- Астана мені ерекше әсерге бөледі. Қала таза, сондай-ақ халқыда қонақжай. Қарқынды дамып келе жатқан шаһарға келіп, жұмыс істегеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта отбасыммен бірге келсем деген ой бар.

Тілеужан Батанов, суретші:

- Әр суретшінің өзінің жазу мәнері әртүрлі. Мысалы, Америкадан, Жапониядан келген суретші бар. Екеуі екі түрлі. Бізге берілген 5-6 күн ішінде қаланың әдемі жерлерін қарап, жұмыс істедік. Шетелден келген майталман суретшілер техникасын, жазу дәстүрін көріп бір-бірімізге сабақ алдық.

back to top
Хабар 24 телеарнасы