378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мамандар: Отандық көлік халыққа ұнаса, өндіріс дамиды

  • 765
  • UPD: 15:19, 15.02.2019

Елімізде автоөндіріс саласы дамып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Өткен жылы республикада 30 мың автокөлік құрастырып шығарылған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 78 процентке артық көрсеткіш. Ал Қарағанды облысында биыл 4 мың пәтер пайдалануға берілмек.

Статистика көрсетіп отырғандай, өткен жылы нарықта сатып алынған әрбір жаңа көліктің екіншісі елімізде құрастырылған екен. 

Өткен жылы мемлекеттік органдар үшін 20,68 миллиард теңгеге 3315 қызметтік көлік сатып алыныпты. Оның 3216-сы, яғни 97 пайызы отандық өндірістерде құрастырылған көліктер болса, қалғаны шетелдік тұлпарлар. Бұл мемлекеттік органдарда отандық зауыттарда құрастырылған автокөліктерді пайдалану туралы талайдан айтыл жүрген сөздің іске аса басанының айғағы, деп жазады «Айқын» газеті. Саланың дамуы, болашағы жайлы экономистер былай дейді.

Бейсенбек Зиябеков, экономика ғылымдарының докторы:

- Отандық автоөндірісті дамыту үшін тек шенеу­нік­тер­­дің машина са­тып алғаны жеткіліксіз. Себебі, олар күнде машина ауыстыра бермейді. Көлік күнделікті сатып алатын азық-түлік емес. Жаңалап қой­сам, бір көлікті 10-15 жыл мініп, пайдаланам деген жоспар­мен алады. Отандық машинаны ха­лық жаппай сатып ала бастаса ғана мақтануымыз керек. Өз көліктерімізді бүкіл бұқара сатып алуға бет бұрып және ол халыққа ұнайтын болса, сонда отандық автоөндіріс қарқын алады. Осы саланы дамыту үшін, біріншіден, халықтың тұрмысы машина са­тып алатындай жақсы болуы керек. Екінші, отандық автокө­ліктің сапасы шетелдікінен кем болмай, тіпті асып түсуі тиіс. Үшінші, отандық машиналардың бағасы шетелдікінен әлдеқайда төмен болуы керек. Сонда ғана отандық машина жасау саласын дамыта аламыз. Егер шетелдік машинаның сапасы жоғары, бағасы төмен болса, әрине, таңдау соған түседі. Соңғы 25 жылда адам­­дар шетелдік көліктерге үй­реніп қалды. Сондықтан санаулы шенеунік сатып алғаннан мемле­кет те, отандық өндіріс те дамы­май­ды, жаппай халық сатып алып, халықтың тұрмысы жақ­сарса, экономика көтеріледі, мем­лекет дамиды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы