375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баспасөзге шолу. Көркемдік кеңессіз көсегеміз көгермейді

  • 192
  • UPD: 10:48, 15.03.2019

Бұл «Ана тілі» газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. Басылымның тілшісі Әсел Сарқыт белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлімен сұхбаттасқан екен. Сазгердің бүгіндегі әншілерге көңілі толмайды. Неге?  

Қалдыбек Құрманәлі, композитор:

«Жасыратыны жоқ, бұрын қазақ эстрадасындағы әншілердің 90 пайызы сауатсыз болатын. Кітап оқымайтын. Тіпті бір кітапты 17-бетке дейін ашып қарамаған. 17-бетте не болатынын білесіз бе? Штамп болады. Осы штампқа дейін жеткен адам кітапты ары қарай оқып кетеді. Көбі соған да жете алмаған. Бірақ дауысы мықты, әнді өте жақсы орындайды. Қазіргі әншілер тіпті нөл. Соған қарамастан мәтінді де, әуенді де өзі жазып, өзі өңдей салады. Қысқасы бір өзі Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай. Көркемдік кеңесті қайтып әкелмесе, біз ұтыламыз. Ұлттық мәдениет ұтылады. Қазақ өнерін жойып аламыз». 

Композитор Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша Көркемдік кеңесті айлық алатын қылу керек. Себебі Оған ешкім тегін бара қоймайды. Жұмыс оережелеріне дейін айтып бере аламын. Кез келген бейнебаянды эфирден беретін кезде көркемдік кеңестің рұқсатын алуы керек. Кеңестегілер оның сөзін, әнін, әншінің киім киісін, бейнебаян желісін қарап, бағасын береді» делінген екен басылымда. 

Аңшылық кәсібін жетілдіру қажет. БҰл Егемен Қазақстан жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Бекен Қайратұлының жазуынша, аталмыш сала бойынша шешімін таппаған дүние көп екен. Мысалы, көп жерлерде аңшылық кəсібі жеке монополиялар бақылауында.

«Бұдан құтылудың жолы – аңшылықпен айналысатын тұлғаларға фермерлік құқық беру қажет дейді мамандар. Бұл шетелдерде бар тəжірибе. Одан кейін қазіргі таң да республика көлемінде аңшылық-шаруашылықпен айналысатын 700-ден астам құрылым бар. Бұларға үкімет тарапы нан ешқан дай қолдау-көмек жоқ. Көбі əупірімдеп өз күнін өздері көріп отыр».

Тағы бір өткір мәселе бар. Даланың қоңыр аңдарының санын өсіріп, аңшылық кəсіпті туристік мақсатқа қолдануға кең жол ашу керек. Өйткені аңшылық туризм – табыс көзі.

«Шет мемлекеттерде туристік аңшылық мəселесі жақ сы жолға қойылған. Əсіресе Еуропа елдерінде даланың қоңыр аңдарының етіне деген сұраныс көп. Дала жануарларының етін са татын дүкендер, арнайы тапсырыс пен ас дайындайтын мейрамхана, қонақ үйлер саны күн сайын артып келеді. Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде 170 мыңдай адам аңшылық пен айналысуға ниет білдірсе, осы лардың 80 мыңы тұрақты қаты сып жүр. Олардың арасында заң бұзушылық та орын алуда».  

Бұлармен күресуге ауыл инспекторы қауқарсыз. Тағы бір дүние, ұлттық саятшылық ісін дамыту жайы. Соның ішінде қазақы тө бет пен тазы тұқымын сақтап қалу мə се лесіне. Ол үшін кинология орталығын құру күн тəртібінде тұр. Қазіргі таңда үлкен қалалардағы қаңғыбас иттерді қорғау үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді де ал ұлт байлығы қазақы төбет пен тазыға соқыр тиын қарастырылмаған. Қызық! деп автор мақаласын түйіндеген екен.

Әуе апаты неге жиіледі? БҰл Түркістан Халықаралық газетінде жарық көрген мақаланың тақырыбы. Авторы Аяулым Салықжанова былай деп жазыпты: «Өткен жексенбіде Эфиопоияда орын алған қайғылы жағдай бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 157 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан кейін Boeing ұшақтарының қауіпсіздігіне деген сенімге кезекті рет селкеу түсті.

«Өйткені бұл Boeing ұшақтарының алғаш рет апатқа ұшырауы емес. 2018 жылдың 29 қазанында Индонезияда болған апаттан 189 адам қаза тапқан еді. Ол кезде Джакартадан көкке көтерілген Boeing 737 әуе кемесі 13 минуттан кейін апатқа ұшыраған. Айта кетейік, Boeing 737 ұшағының Индонезиядағы апатқа дейінгі сапарында да  ақаулық байқалған. Мамандардың айтуынша, механиктер таңға дейін қателерді жоюға тырысқанмен, мәселе түбегейлі шешілмеген. Соған қарамастан, лайнердің рейсі кейінге шегерілместен, көкке көтерілді. Бұл әуе компаниясының жолаушылардың қауіпсіздігіне бейжай қарайтындығын білдірмейді ме?»

Эфиопиядағы апаттан кейін Boeing компаниясы 13 наурызға жоспарланған Boeing 777X ұшағының тұсаукесерін кейінге қалдырды. Сондай-ақ бірқатар ел апатқа ұшыраған модельді көкке самғатуды уақытша тоқтата тұруды жөн көрген. Мәселен, Қытай мен Эфиопия апат себептері нақты анықталғанша Boeing 737 MAX 8 ұшағының ұшуын тоқтатуға шешім қабылдады. 

«Қазіргі уақытта апатқа қатысты тергеу жұмыстарын Боинг корпорациясы да жіті бақылап отыр. Апатқа ұшыраған лайнер – тарихта ең көп сатылған Boeing ұшақтары. 2011 жылдан бері осы үлгідегі ұшақтың 5 мыңнан астамы қолданысқа берілген. Оны сатып алғандар ішінде қазақстандық «SCAT» компаниясы да бар. Оларға бір ұшақ тиесілі. Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті флотында Boeing ұшағы бар Қазақстанның әуе компанияларына нұсқаулық жариялап, экипаждар тренингтен өтуі қажеттігін мәлімдеген. Бірақ күні кеше Қазақстанда «Scat» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылатыны хабарланды».  

Ал Еуропалық Одақ Boeing 737 MAX моделінің ұшақтарын ұшыруға уақытша тыйым салды.

Хабар 24 телеарнасы