365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Ресейге жұмыс сапарын қорытындылады

  • 663
  • UPD: 22:19, 12.10.2017

Елбасы Ресейге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды сөз етті. Келіссөздер жемісті болғанын атап өтті. Жиында Мемлекет басшысы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынған болатын.

«Енді бұл бағытта Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері бірігіп жұмыс істейді», – деді Президент. Жуырда елімізде цифрландыру мәселесі бойынша арнайы кеңес те өткен болатын. Сондай-ақ Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Германияның іскер топ өкілдерімен өткен кездесу нәтижесін де қорытындылады. Көршілес елмен алыс-беріс едәуір артып, арадағы ынтымақтастық қарқын алып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінгі мынау қатынасқан Германияның ең үлкен компаниялары бас қосқан жерінде тағы да бір рет барлығымен келісіп, Қазақстанда жұмыс істейтін көпшілігімен кездесуге мүмкіншілігіміз болды. Жеке кездесуде Ресей Президентімен бірге көп мәселелерді шештік деп айтпаймын. Негізгісі Қазақстан «Байқоңыр» арқылы Ресеймен бірге ғаламдық мемлекетке айналайын деп тұр. Себебі 2022 жылдан бастап «Бәйтерек» деген біздің жобамыз іске асырылатын болады. Қазақстан сонда ғарышқа өз бетінше жұмыс істейтін мемлекеттің бірі болады, қадрларды дайындайтын боламыз. Мына қазіргі кездескен неміс компаниялары маған үлкен әсер қалдырды. Сондықтан барлығы ел үшін, жұрт үшін тамаша болды деп санаймын.

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты кездесу өткізді Елбасы неміс іскерлерін Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы