374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев: Халықтың дәрі-дәрмекпен қамтылуын қатаң бақылау керек

  • 470
  • UPD: 12:54, 20.03.2018

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтуды қатаң бақылауда ұстау керек. Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. 2017 жылы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асуы қорытындыланған жиында министр Елжан Біртанов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық дәрілік заттарға бағаларды реттеу бойынша заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілгенін мәлімдеді.

Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі отандық тауар өндірушілермен 25 ұзақ мерзімді шарт жасасқан. Осы келісімнің аясында дәрілік заттарды сатып алу үлесі 48%-ға дейін ұлғайған. Сондай-ақ өткен жылы аталған саланы цифрландыру мақсатында 4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды. Медициналық ұйымдарды ақпараттық жүйелермен қамту 75,5% құрады. Осы орайда Қарағанды облысында қағазсыз денсаулық сақтау жобасы сәтті іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Оның шеңберінде 70 мыңнан астам адам мобильді қосымшаларды пайдалануда. Ағымдағы жылы қалған өңірлер де қағазсыз құжат жүргізуге ауыстырылады.

Осы категория бойынша: « Елбасы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады Үкіметте 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы