374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еңселі елордаға 20 жыл

  • 600
  • UPD: 11:38, 06.07.2018

Осыдан 20 жыл бұрын Сарыарқа төсінде жаңа астана пайда болды. Сайын далада салынған шаһар санаулы жылдардың ішінде көркейіп, сәулеті мен дәулеті келіскен еңселі елорда ретінде бекіді.

Жыл сайын ел қазынасына қомақты қаражат құятын донор қалаға айналды. Халық саны да күн санап артып, ірі мегаполис ретінде қалыптасты. Содан болар, бүгінде шетелге шықсаңыз, Қазақстанды барлығы Астанамен байланыстырады. Бұл еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігінің бірсыпырасы. Сонымен бас шаһар қалай көркейді?

Бүгінде еңселі елорда бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналды. Сәулеті келіскен шаһарға тамсанбау мүмкін емес. Мұнда әлемдік деңгейдегі шаралар өтеді. Туристер көптеп келеді. Бізге қызығып та, қызғанып та қарайтындар аз емес.

Ал 20 жыл бұрын Президент ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынған кезде бұған күмәнданғандар көп болды. Міне, уақыттың өзі күдікті сейілтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 20 жыл ішінде Астанада тұрғындардың саны 3 есеге артып, 1 миллионнан асты. Әлі күнге дейін бас қалаға  ұмтылатын халық саны азаяр емес. Жыл сайын елордаға 100 мыңға жуық адам қоныстанады.

Шаһардың дамуын оның бейресми архитекторы Елбасының өзі жіті қадағалайды. Мұнда тұрғызылған зәулім ғимараттар Президенттің сүзгісінен өткен. Тіпті Арқа төсін желден қорғау үшін қолдан орман да жасалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я хочу, чтобы все, кто живет в нашем государстве, чувствовали себя комфортно, чтобы всем здесь было хорошо.

Астананың мерейтойы ерекше ғимараттармен есте қалмақ. Әр өңір бас қалаға тарту жасап, көрікті нысандар тұрғызды. Шаһар одан сайын сұлулана түсті. Мұны әсіресе осы жылдардың куәгерлері ерекше байқайды.

Мәселен, жастық шағын  бас қалада өткізген ШЫҰ-ның бас хатшысы Рашид Алимов санаулы жылдар ішінде елорда адам танымастай өзгергенін айтып отыр.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Бір жыл бұрын Астанаға бірнеше рет бардым. Күнделікті таңертең ерте тұрып 8-10 шақырымды жаяу аралайтынмын. Сол кезде 12 жыл бұрын маған Астана келешегі деп көрсеткен жобаның бүгінде іске асқанын шынайы өмірде көрдім. Таңғажайып, көз алдымызда қала көркейіп, кеңейіп келеді. Әсем, жылы, қонақжай, адамдарға да, жаңа идеяға да ашық қала.

Бүгінде Астана тек отандастарымыздың ғана емес шетелдіктердің де сүйікті шаһарына  айналды.

Ингуна Судраба, Латвия парламентінің депутаты:

- Әу баста қаланың жобалық  сызбасын көріп оның қалай жүзеге асатынын, шындығында қандай қала болатынын елестетудің өзі қиын болды. Бірақ Астанаға бірнеше рет келгеннен кейін, жоспарлардың жүзеге асқанын, сызбалардың үлкен ғимаратқа айналғанына көзім жетті. Онда даңғылдар мен оның бойындағы нысандарды көруге болады, әсіресе, опера ғимараты, музей сияқты мәдени орталықтар сондай әдемі.

Астана тек көрікті мекен ғана емес, ел бюджетіне қомақты қаражат құятын донор қала. 20 жыл ішінде шаһардың жалпы өңірлік өнімі 5,5 есеге артып, 18 млрд долларға жетті.  Қазір жеткен жетістікке тоқмейілсімей, алдағы уақытта елорданы одан сайын дамыту міндеті тұр. Бұл ретте  шаһарды кеңейтіп,  2 млн тұрғынның  өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жобасы басталып кетті. Бастысы жоспар айқын. Ал оның нәтижесін уақыт көрсетер.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Нұрбек Бекен

Осы категория бойынша: « «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесері Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы