368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

  • 533
  • UPD: 22:15, 18.08.2018
Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл – Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары. 

Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды, деп хабарлайды  Olympic.kz

Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды.

Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құрлық бәсекесіне алаңсыз жаттығуына бар жағдайды жасап, ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев атлеттердің дайындық барысын тікелей өз бақылауына алды. 

Азия ойындары 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді. 

Осы категория бойынша: « Елбасы Ақмола облысындағы орақ науқанына дайындық барысымен танысты Семсерші Д.Алексанин Азиададан елімізге алғашқы медальді алып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы