364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының Атырау қаласына жұмыс сапары басталды

  • 547
  • UPD: 16:51, 23.08.2018

Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп жоспарланып отыр.

Алдымен Елбасы «Карат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Дәулет» жеке индустриялық аймағында болды.

Мемлекет басшысы нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысты.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Атырау облысындағы инвестициялық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, қуаты 52 мегаватт болатын жел электр станциясы, ыстық күйінде мырыш жалату цехы, робот арқылы дәнекерлеу әдісін қолдана отырып, металл конструкцияларын, карбон негізіндегі қуатты кабель, крекинг катализаторларын өндіру жөніндегі кәсіпорындар, фармацевтика зауыты, қысымды өлшеуге арналған құрылғылар шығаратын зауыт, құс фабрикасы, аумағы 20 гектар болатын жылыжай және басқа да жобалар бар.

***

«Дәулет» жеке индустриялық аймағы – көп салалы заманауи кәсіпорын. Оның құрамында нан және кондитерлік өнімдер өндіретін «Дәулет Нан» зауыты, ауыз су дайындайтын цех, «Райхан» шаруа қожалығы, макарон өнімдерін өндіретін цех, диірмен, ет комбинаты, тігін цехы, сондай-ақ асфальтбетон зауыты жұмыс істейді.

«Дәулет» жеке индустриялық аймағында 244 жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік, облыс орталығында жаңа Студенттер үйі пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы нысандарды аралап болған соң, облыс активімен кездеседі деп күтіліп отыр. Онда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев есеп береді.

Осы категория бойынша: « Алексей Луценко – Азия ойындарының жеңімпазы Елбасы «Ембімұнайгаз» және «Жігермұнайсервис» кәсіпорындарын аралады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы